«Милан» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Массимилиано Аллегри Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін. 

Sky Sport Italia басылымының ақпаратына сүйенсек, Қазақстан футбол федерациясы итальяндық бапкермен келіссөз жүргізген. Сондай-ақ, бүгін 46-жастағы маман Қазақстан спорт министірлігімен кездесу үшін Қазақстанға аттанады.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда команданы Юрий Красножан жаттықтырады.