Жұрттың көңілінен шығуы тиіс кездесудің бірі бүгін өтеді. Алаңда Италия мен Англия күш сынаспақ.

Өз шәкірттеріне деген сенімін шегелеуге мүмкіндік алған Чезаре Пранделли кезекті жаттығу кезінде ойыншыларын әбден мақтады. «Дәл қазір кімнің негізгі құрамнан орын алатынын да айта салар едім, бірақ спортшыларға ойдан арылуға болмайды. Ертіп келген жігіттер сынға сақадай сай. Кез келген команданы тұқыртып жібереді. Буффон дейсіз бе, Аквилианиды айтасыз ба, мүмкін Пирло шығар, осылардың бәрі де серкелер. Рас, ойын кезінде тізгін өзгелердің қолына көшуі де мүмкін. Оған да қарсы емеспін», - дейді Пранделли. Италия сапындағы қорғаушылар да мақтауға тұрарлықтай. Абате мен Кьелини, Бонуччи мен Де Шильо нағыз спортшылар. Марио Балотеллиге алғы шептен орын тиуі де ғажап емес. Стивен Жерард секілді капитаны бар Англия да оңайдан еместігі анық.