Ел чемпионатының аясында Павлодарда жергілікті «Ертіс» қызылордалық «Қайсарды» жеңе алмады.

Қос гол да алғашқы таймның аяғында бар болғаны 2 минут ішінде соғылды. Керекулік команда сапынан Константин Дудченконың алыстан бағыттан добы қақпа ішінде тулап жатты.

Ал көзді ашып жұмғанша 1 минут өткен соң Рахымжан Розыбакиев таблодағы есепті теңестіріп, командасын жеңілістен алып қалды.

 

«Ертіс» (Павлодар) – «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 (1:1)

Голдар: 1:0 – Дудченко (39), 1:1 – Розыбакиев (40)

Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Валерий Гусев (Көкшетау), Самат Шәріпов (Атырау)

 Қосалқы төреші:  Айдын Тасыбаев (Павлодар)

Инспектор: Виталий Каган (Алматы)