Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Әлем чемпионатындағы жаттығуы кезінде аяғынан жарақат алып, дәрігерлер көмегіне жүгінуіне тура келді. 
 
29 жастағы футболшы жаттығуын үзіп, таңулы аяғымен алаңды тастап кеткен. Дәрігерлер әзірге оның жарақатының қандай деңгейде екенін айтпай отыр.
 
Бұған дейін португалиялық форвард аяғындағы сіңірін суықтатып, бір емделіп шыққан болатын. Егер оның бұл жолғы жарақаты ауыр болған жағдайда Әлем біріншілігінде ол өнер көрсете алмайды. ФИФА ережесі бойынша, Португалияның бапкерлер командасы 15 маусымға дейін ойыншыны алмастырып үлгеруі тиіс.
 
Айта кетейік, Бразилиядағы алғашқы кездесуін Португалия ұлттық құрамасы 16 маусым күні Германиямен өткізеді.