Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Павел Шабалин «РPOСПОРТ Қазақстан» тілшісіне сұхбат берді.

- Бірқатар мықты құрамалар Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысуда, деп бастады Павел. – Өз басым Бразилияға жанкүйер боламын. Бразилия өз жерінде Әлем чемпионатын ұтуы тиіс. Сондай-ақ, Бельгия мен Италия құрамасы тосын сый жасауы мүмкін.    

- Қазақстан құрамасы үлкен жарыстарға қашан шығады?

- Бұл сұрақ маған емес. Әлем чемпионатында ойнау үшін бізге тәжірибе, шеберлік жетіспейді. Меніңше, біз дұрыс бағытта келеміз. ЕУРО 2016-ның топтық кезеңіне шығып жатсақ таң қалмаймын.