Футболдан Голландия құрамасының шабуылшысы Робин ван Перси Испаниямен өткен ойын жайлы айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, Луи ван Галдың жігіттері әлем чемпиондарын 5:1 есеппен ойсыратты, ал Робин ван Перси кездесудің үздік ойыншысы атанды. 

«Испания қақпасына алты-сегіз гол соғатын мүмкіндік болды. Менің бірінші соққан голым? соққы алдында қай жерге ұратынымды көріп алдым да тура сол жерге баспен соққы бағыттадым.

Бүгінгі футболдан ләззат алдық. Ертеңнен бастап Австралияға қарсы ойынға дайындаламыз. Олармен ойын ауыр болмақ», — деді Ван Перси.