Жеңілмейтіндей көрінетін Брэндон Адамсты тізе бүктірген Нью-Йорктың тумасы Вилли Монро-кіші Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«GGG-дің жеңуі қажет. Бұл менің тағатсыздана күткен кездесуім. Адамдар мені есалаң дейтін шығар, бірақ бұл мен қалайтын кездесу. Бұндай бизнесте табысты өнер көрсету үшін жартылай есалаң болу да керек. Менің онымен жұдырықтасқым келеді, себебі Головкинмен көп жігіттің кездескісі келмейді. Мен айтамын: «Сенімен ешкімнің жұдырықтасқысы келмейді ме? Жарайды, маған бірінші қадам жасап, бұның бәрі айла еместігіне көз жеткзуіме рұқсат бер?»

Мен біреуге алданыш болатын адам емес, бәсекеге қабілетті тұлғамын. Мен оны бейресми шақырдым және ешкімді шақырмаймын. Себебі бұл менің стилім емес. Бірақ екі немесе үш кездесуден кейін Геннадий Головкиннің соққыларын қабылдағым келеді. Ол таңғажайып боксшы », — деді