Теннис жұлдызы ұлыбританиялық Энди Маррей жаздың басты мерекесі футболдан әлем чемпионаты туралы өз пікірін айтты.

«Әлем чемпионатының бірнеше матчын көретін мүмкіндігім болатып отыр. Көп ойын түнде басталады, сондықтан достарыммен бірге үйде қарайтын шығармын. Әлем чемпионатының фэнтезиінде өзіме команда ашып қойдым, ал үздік ойыншы деп Серхио Агуэроны атадым. Премьер-лигада сізге 38 матч туралы жіті ойлану қажет. Ал мұнда топтық кезеңнен кейін бірден ұшып кетпейтін ойыншылар керек. Ауа-райы мен түрлі жайттарды ескерсек, Аргентина жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Мессидің де жарқырайтын кезі келген секілді», - деді Маррей.