Мадридтік «Атлетико» лондондық «Арсеналдан» жартылай қорғаушы Санти Касорланы сатып алмақшы.

Касорланың трансфер құны 20 миллион еуроны құрайды. Ал 29 жастағы Испания құрамасының ойыншысы «Атлетико» сапына ауысуға кетәрі емес, деп хабарлайды AS.

Басылымның хабарлауынша, мадридтік клуб Сантидің құнын түсіргісі келеді немесе Диего Коста, Филипе Луис пен Миранданың трансферінен келетін соманы күтеді.

Испания чемпиондары Касорланы «Фенербахчеге» көшіп кеткен Диегоның орнына алмақ.