Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысатын отыз екі құраманың тізгінін ұстаған бапкерлердің жылдық жалақасы анықталды.

Бірінші орында Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло алды. Ол жылына 6,69 миллион фунт табады екен. Екінші орында ағылшындықтардың тізгінін ұстаған Рой Ходжсон (жылына 3,5 млн фунт) еншілеп тұр. Ал үздік үштікті италиялық Чезаре Пранделли (жылына 2,58 млн фунт) түйіндеді.

Сурет: Daily Mail