АҚШ құрамасының бас бапкері Юрген Клинсманн португалиялық команданың көшбасшысы Криштиану Роналдудың жолына тосқауыл бола алатын тактиканы дайындап жатқанын мәлемдеді.

«Біздің міндетіміз – Роналдуды тамаша «Амазония» стадионында тоқтату. Оның жағдайын қиындату үшін түрлі амалдар ойластырып жатырмыз», - деді Клинсманн.

Бірінші турда америкалықтар Ганамен ойнайды. Келесі кездесу осы португалиялықтарға қарсы жоспарланған. Ал топтық кезеңді Клинсманның шәкірттері немістерге қарсы матчпен аяқтайды