Португалия құрамасының алғашқы жаттығуы кезінде қызықты жағдай орын алды.

«Алтын доп» иегері Криштиану Роналдудың жанкүйері алаңға жүгіріп шықты. Алайда күзетшілер оны тоқтатып, шығарып тастады. Жаттығудан кейін Криштиану сол қызға келіп, құшақтап, қолы қойылған өз жейдесін сыйға берді.