Кеше түнде өткен Бразилия мен Хорватия құрамаларының арасындағы матчта «шақпақтылар» сапында үздік ойыншылардың бірі болған Иван Ракитич ойыннан кейін өз пікірін айтты.

«Дәл осылай ұтылғанымыз өкінішті, турнир қожайындарына қарсы лайықты ойнадық қой.

Бәріміз осы матчты шыдамсыздана күттік, өкінішті қарай, дәл осылай жеңілуге тура келді. Алайда біз әлі топтан шығу үшін күресеміз», - деді хорватиялыө хавбек.

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің ашылу матчында Хорватия бразилиялықтардан 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.