Германия ұлттық құрамасының қорғаушысы Пер Мертезекер командасының жақсы көңіл-күйде екенін айтып, «бундесманншафттың» Бразилиядағы әлем чемпионатында ұзаққа баруы мүмкіндігін жеткізді.

«Ұлттық құрамамыз дұрыс жолда келе жатыр. Алаңда бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Біздің ойынымыз туралы сұрақтар турнирде ойнағанда туындайды. Біздің жақсы өнер көрсететінімізді сеземін. Құрамамыздың футболшылары әрқашан бір-бірін қолдайды, бұл табысты ойнау үшін өте маңызды», – деді Мертезекер.