«Сан-Антонио Сперс» сырт алаңда «Майами Хиттен» ірі есеппен басым түсіп, Ұлттық баскетбол қауымдастығының финалдық сериясында үшінші рет жеңді.

«Сперс» ойынның басында-ақ 20:2 есебімен басымдыққа ие болды. Ал үшінші бөлімнің соңына таман 24 ұпай айырмашылығымен алда келе жатты. Төртінші кезеңде Леброн Джкймстің командасы есеп айырмасын қысқарта алды. 

Кездесудің нәтижелі ойыншысы Джеймс болды, оның қанжығасында 28 ұпай. Жеңімпаздардың сапында Каван Леонард (20 ұпай) пен Тим Данкан (10 ұпай) ерекше көзге түсті.

Серия есебі 3:1 болды, енді Грег Ппович командасына өз алаңында жеңімпаз атанатын мүмкіндік туды.

«Майами Хит» – «Сан-Антонио Сперс» 86:107 (17:26, 19:29, 21:26, 29:26)

«Майами »: Джеймс (28), Бош (12), Джонс (11), Уэйд (10), Аллен (8), Андерсен (5), Чалмерс (4), Коул (4), Льюис (2), Хаслем (2).

«Сан-Антонио»: Леонард (20), Паркер (19), Миллз (14), Данкан (10), Грин (9), Диао (8), Джинобили (7), Сплиттер (6), Белинелли (4), Боннер (3), Эйрс (3), Бэйнс (2), Джозеф (2).

Серия есебі: 1:3

 

 

Видео YouTube порталындағы Ashok Gamer арнасынан