Швейцариялық атақты теннисші Роджер Федерер «Галле» титулын қорғауды сәтті бастады.

Федерер бірінші матчта португалиялық Жоао Соузаны үш сетте жеңді – 6:7, 6:4, 6:2. Матч 1 сағат және 53 минутқа созылды.

Роджердің келесі қарсыласы хорват Иво Карлович немесе Тайвань өкілі Лу Ен-Хсун болмақ.