Қазақстандық Геннадий Головкин Нью-Йоркта 26 шілдеде өтетін Дэнил Гилге қарсы кездесу туралы өз ойын топшылады.

«Менің айналамда болып жатқан жағдайды түсінемін, әр кездесудің мен үшін маңызды екенін де білемін. Әрине, Гилді сыйлаймын және ол дәл қазір мен үшін ең жақсы қарсылас. Адамдар нокаутты, кездесудің уақытынын бұрын біткенін қалайды. Мен өз жұмысымды, рингте не істеуім керектігін білемін.

12 раунд бойы жұдырықтасуға дайынмын ба? Мен көп жаттығамын, бірақ бұл басқа жағдай екенін түсінемін. Алайда мен дайынмын.

Осы қалпымды жоғалтып алмай, жақсы нәтиже көрсетуім үшін жылына төрт рет жұдырықтасудың қажеті жоқ екенін білемін. Шынымды айтсам, мен әрқашан, қай уақытта та жұдырықтасуға дайынмын», - деді Головкин.