Шет елдік басылымдардың хабарлауынша, «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Давид Лория түркиялық клубпен келісім-шартқа отырды.

Дереккөздің хабарлауынша, Лория алдағы екі жылда Түркияның бірінші лигасында өнер көрсететін «Каршияк» футбол клубының намысын қорғайды. Бұл трансфер туралы ресми ақпарат әлі шыққан жоқ. 

Естеріңізге сала кетсек, Лория маусымды сәтсіз бастап, «Қайратпен» келісім-шартын бұзды. Кейін ол «Астане-1964» клубымен бірге жаттығып жүрді.