«Ертіс» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов  «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында, елімізде еуропалық деңгейлі футболды қашан ойнайтынын және әлем чемпионатында қай құрамаға жанкүйер болатынын айтып берді.  

- Дәстүр бойынша Англия құрамасына жанкүйер болам. Бұдан өзге, Бельгия құрамасына үлкен үміт артамын. Бұл құрамадан барша әлем сенсация күтуде. Қалай болатынын уақыт көрсетеді. Англияға бұрыннан бері жанкүйермін.  

- Әлем чемпионатын қай құрама ұтады?

- Болжамдау қиын. Фавориттер сол баяғы – Бразилия, Германия, Испания, Италия мен Аргентина. Бельгия құрамасы өзін жақсы қырынан көрсетеді деген ойдамын. Жалпы әлем чемпионатын ұтатын командалар көп, нақты бір команданы таңдау ауыр.

- Қазақстан құрамасына әлем чемпионатына шығу үшін не жетіспейді?

- Футбол орталықтардың жұмыс істегеніне үш жыл болды. Қазіргі таңда, әлем чемпионатына шығу жайлы әңгіме қозғаған дұрыс емес. Футбол орталығында тәрбие алып жатқан жасөспірімдерге үміт арту керек. Павлодар футбол орталығындағы жас футболшыларға қарап, прогресс бар екенін байқадым. 2000-шы жылы туған балаларға көп көңіл бөлу керек. Ерлер құрамасынан қарағанда біздің жастарымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Демек, жастарымызға мүмкіндік беру қажет. Тағы бір төрт жыл күтсек, жергілікті футболшыларымыз еуропалық деңгейде ойнай бастайды.