«Ақтөбе» футбол клубына жаңа ойыншы көшті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Андерсон Сантана мен Евгений Левиннен кейін командаға «Черноморецтің» бұрынғы ойыншы Алексей Антонов қосылды. Ойыншымен келісімшарт 2,5 жылғы жасалды.

Бұған дейін украиналық шабуылшы «Днепр», «Кубань», «Металлист», «Заря», «Ильичевец», «Днепр», «Кривбасс» пен «Черноморец» секілді командаларда тер төккен.