Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу ойыны - Бразилия және Хорватия құрамалары арасындағы кездесуде жапониялық төрешілердің төрелік ететіні белгілі болды, деп жазады шетелдік БАҚ.
 
Ойынның бас төрешісі 2010 жылы ОАР-да өткен ӘЧ-ның төрт кездесуінде, оның ішінде Голландия және Бразилия құрамалары арасындағы ойында төрелік еткен 42 жасар Юити Нисимура болмақ.
 
Атап айтсақ, Юити Нисимура 2004 жылдан бастап ФИФА төрешісі болып табылады.
 
Бразилия мен Хорватия арасындағы ойын 12-нен 13-не қараған түні Астана уақытымен 00:15-те басталады.