Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Венгрияда жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын ITF сериясының турнирінде 1/4 финалға шықты.

Екінші айналымда Дмитрий Попко турнирдің бесінші ракеткасы аустриялық Тристан-Самюэль Вейссборнды  6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ендігі кезекте ол ресейлік Кирилл Дмитриевпен кездесу өткізеді.