«Нью-Йорк Рейнджерс» Cтэнли кубогының финалдық төртінші матчында өз айдынында «Лос-Анджелес Кингзді» жеңіп, серия есебін қысқартты.

Бірінші кезеңдегі Бенуа Пуйо мен үзілістен кейінгі Мартин Сан-Луидің салған шайбалары «Бродвей жігіттеріне» басымдық алып келді. Сан-Луидің голынан кейін Дастин Браун есеп айырмасын қысқартқан болатын, бірақ «Лос-Анджелестің» де, «рейнджерлердің» де ойыншылары тоблодағы есепті өзгерте алмады.

Финалдық серияда 3:1 есебімен «Кингз» алда келеді.

«Нью-Йорк Рейнджерс» – «Лос-Анджелес Кингз» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

1:0 – Пуйо (Мур, Брассар) – 07:252:0 – Сан-Луи (Крайдер, Степан) – 26:272:1 – Браун – 28:46

Қақпашылар: Лундквист – Куик

Серия есебі: 1:3

 

 

 

Видео You Tube-тегі Captain Canad арнасынан