«Астананың» футболшысы Ренан Брессан футболдан әлем чемпионатына қатысқысы келетінін айтты. 

«Бразилиядағы әлем чемпионатына барғым келген, алайда уақытым болмады. Себебі, 14-ші маусымда ойын. Дегенмен, Беларусь құрамасының ойыншысы ретінде әлем чемпионатына қатысамын деп үміттенемін», - деді Брессан «Прессбол» басылымына.