12-ші маусым күні Бразилияда жалауы желбірейтін 2014 жылғы әлем біріншілігінің ең қымбат он ойыншысын анықтап көрдік.

Немістің атақты transfermarkt.de сайтына сүйенсек әлем біріншілігінің ең қымбат ойыншысы болып төрт дүркін «Алтын доптың» иегері Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси табылады екен. Ол әлемдегі құны 100 млн. евродан асатын бірден бір футболшы.

Сонымен қатар үздік үштікке Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду мен бразилиялық жас жұлдыз Неймар кіреді. 

Лионель Месси (Аргентина, 26 жаста), шабуылдаушы – 105,6 млн. евро

Криштиану Роналду (Португалия, 29 жаста), шабуылдаушы – 88 млн. евро

Неймар (Бразилия, 22 жаста), шабуылдаушы – 52,8 млн. евро

Эдинсон Кавани (Уругвай, 27 жаста), шабуылдаушы - 52,8 млн. евро

Андрес Иньеста (Испания, 30 жаста), жартылай қорғаушы - 48,4 млн. евро

Марио Гетце (Германия, 22 жаста), жартылай қорғаушы - 48,4 млн. евро

Луис Суарес (Уругвай, 27 жаста), жартылай қорғаушы - 45,8 млн. евро

Сеск Фабрегас (Испания, 27 жаста), жартылай қорғаушы - 44 млн. евро

Месут Озил (Германия, 25 жаста), жартылай қорғаушы - 44 млн. евро

Халк (Бразилия, 27 жаста), шабуылдаушы - 42,24 млн. евро