Футболдан Әлем чемпионатын қабылдайтын 12 стадионның бірі – Сальвадор қаласындағы  «Фонте-Нова» кешені.  Іргетасынан бастап қайта қаланған спорт нысаны  2013 жылы пайдалануға берілді.

60 мыңға жуық көрерменді құшағына еркін сыйдыра алатын стадион Бразилиядағы ең таңдаулы кешендердің қатарында. Трибуналар үш ярусқа бөлінген.  Батыс бөлігінің жоғары қабатында ойынды стадион ішінен жүргізетін комментаторларға арналған орындар бар. Бұл жерден алаңның барлық бөлігі анық көрінеді.

Неміс сәулетшілерінің қолынан шыққан кешенде көрермендердің қауіпсіздігі қатаң сақталған. Былтыр мұнда Конфедерация кубогының бірнеше матчы өткен болатын. Ал, бұл жолы «Фонте-Нова» стадионына Әлем чемпионатының 6 ойыны бұйырды.

Топтық кезеңнің төрт кездесуі және 1/8 финал мен 1/4 финал матчтары. Сондай-ақ, мұнда 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жүлделері де сарапқа салынады, деп жоспарлануда.

Бұл стадионнан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы 13-ші маусымнан 14-ші маусымға қараған түні Испания мен Нидерланд арасындағы тартысты кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен