Әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық кездесуде Португалия құрамасы Ирландия футболшыларын ойсырата ұтты.

Американың Ист-Рутерфорд қаласында өткен сайыс 5:1 есебімен аяқталды. Португалия құрамасының мергені Уго Алмейда 2 голдың авторы атанып, жанкүйерлерін тәнті етті. Сонымен қатар Аделино Виейринья, Фабиу Коэнтрау  бабында екендіктерін байқатса, Ричард Киогта өз қақпасына гол салуға жол беріп алды.

Ал ирландықтардан тек Джеймс Макклинге ғана қарымта жауап қайтару мүмкіндігі туды. Алған жарақатына байланысты бұған дейінгі кездесуде өнер көрсетпеген Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 65-минутта алаңға шықты. Атап өту керек Португалия құрамасы  әлем чемпионатының топтық кезеңінде Германия, Гана және АҚШ футболшыларымен өзара кім мықтыны анытайтын болады. Бразилиядағы алғашқы ойынды португалдықтар 16 маусым күні Германияға қарсы өткізбек. Ал ертең Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылады.