Астанада халықаралық Astana Women’s жарысы өз мәресіне жетті. Мұнда апалы - сіңлі украиналық Киченоктар жеңіске жетті. Олар ақтық сында ресейлік жұп - Александра Артомонова мен Людмила Пашковадан басым түсті - 6:1,6:1.

Сонымен қатар, жекелей сынның ақтық кездесуінде Надежда Киченок белорусиялық Илона Кременды екі сетте 6:3,6:1 жеңіп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Надежда және Людмила Киченоктар ағымдағы жылы Астанада өткен халықаралық President’s Cup бәсекесінде де топ жарған болатын.