«PROСПОРТ» тілшісі Александр Гейнрихтың командадан ресми кеткенін және бразилиялық Андерсон Сантанамен келісім-шартқа қол қойылмағанын анықтады.

Жағдаймен жақын танысу үшін біз Ақтөбе футбол клубының пресс-атташесі Марат Жұмабаевпен сөйлестік.

- Марат, Гейнрих клубтан кетті ме?

- Иә, бұл солай. Бүгін Александр ұжымға командада өткізген жылдары үшін және оның жетістіктері үшін алғысын айтты.

- Сантана келісім-шартқа қол қойды ма?

- Жоқ. Ол туралы әзірше бапкерлік штаб ойланып жатыр.

- Сонымен қатар, ақтөбелік клубта украиналық жас қақпашы қаралып жатыр деген ақпарат тарады?

- Иә. Бірақ әлі онымен қол қойылған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, кейбір қазақстандық БАҚ-та Сантананың клубпен келісім-шартқа отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.