«Атыраудан» Антон Цирин, Филипп Рудик, Сергей Гридин және Алексей Кучук кетіп қалды. Бұл туралы «PROСПОРТ» тілшісі «Атыраудың» пресс-атташесінен білді.

Антон Цирин «мұнайшылар» сапында 2 ойынға шығып, екі гол жіберді. Филипп Рудик 12 рет алаңға шығып, бір голмен көзге түсті. Сергей Гридин алты мәрте ойнап, бір рет қана қарсыласының қақпасынан саңлау таба алды. Ал негізгі құрамда шығып көрмеген Алексей Кучук ойынға тыңнан бес рет қосылды, алайда жанкүйерлердің көзайымына айнала алмады.