Кәмила Керімбаева ITF аясында Ферғанада өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты. Аталмыш доданың жүлдеқоры 25000 АҚШ долларын құрайды.

Бірінші айналымдық матчта Керімбаева өзбекстандық Шахноза Хатамованы екі сетте жеңді – 6:3, 6:3. Қазақстандықтың еншісінде үш эйс пен төрт брейк бар.

Тағы бір қазақстандық Анна Данилина өзбекстандық Арина Фольцке екі сетте жол берді – 4:6, 3:6.