Қазақстандық сарапшы Юсуп Шәдиев 16-шы тур аясында өтетін «Тобыл» мен «Астана» арасындағы кездесуге өз пікірін айтты.

Бұрынғы қайраттық футболшының ойынша, қостанайлықтар алғашқы алтылықтың қатарына кіре алады, деп хабарлайды sport.nur.kz.

«Ойынның Қостанайда өтетіні және команданың қауіпті аймақтан шығуға деген үлкен ұмтылысы алаң иелеріне жеңіс сыйлауы мүмкін. Елордалықтарға қазір бас бапкер тағайындау қажет. «Астанаға» кімді әкелмеді, бірде Славалюб Муслин, не болмаса Александр Бородюк тізгінді ұстайды деді, бірақ бұның бәрі өсек қана. Бұның бәрі команданың ахуалын қиындатып жібереді», - деді Шәдиев.