Қазақстанның хоккей Федерациясы қорытынды отырысын өткізіп Ұлттық құраманың нәтижесіне «нашар» деген баға берді. Артынша бас менеджермен бапкерлік штабты жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Ари-Пекка Селин орнынан кетті. Сонымен қатар, аталмыш жиында 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының, 2013-2014 жылғы ҚР чемпионатының, әйелдер және жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің нәтижесі талқыланды.

Атқарушы комитетінің қорытындысы бойынша ұлттық командалар үшін халықаралық сайыстарды көбейту туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында негізгі өзгерістер бекітілді. Осылайша, клубтың негізгі тіркеуінде 30 адамнан аспау қажет, ал оның 12-сі қазақстандық болуы шарт. Әр ойынның тіркеуінде аз дегенде 8 қазақстандық ойыншы және 1991 жылдың 1 қаңтарына дейін туған бес хоккейші болуы керек. Чемпионат осы жылдың алтыншы қыркүйегінен 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін өтеді.