«Ордабасының» 21 жастағы жартылай қорғаушысы Евгений Левин жақында «Ақтөбе» футбол клубмен келісім-шартқа отырады.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың «ВКонтакте» желісіндегі парақшасы жариялады. Дереккөздің жазуынша, Левин қазір қалада және жақын арада келісім-шартқа қол қояды.

Естеріңізге салсақ, Левин осы маусымда «Ордабасы» сапында 13 ойында алаңға шықты. Ол «Ақтөбенің» «лимитші» позициясын күшейту үшін алынып жатыр.