Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) мамыр айында жасалған рейтингісінде жоғары көтерілді.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған тізімде Қанат Ислам 11-орыннан 9-орынға жылжыған. Айта кетейік, жерлесіміз мамыр айында Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордеромен кездескен болатын. Жекпе-жекті 3 раундта аяқтап тастаған Қанат әлемнің ең тегеурінді боксшысы деп танылды. Ол өзінің 17 кездесуінің бәрінде де жеңіске жетіп, оның 14-інде қарсыласын  нокаутқа жіберген.