Француз теннисшісі былтырғы жылғы жартылай финалдың ұпайын қорғай алмады.

27 жастағы Ришар Гаске Галлдағы турнирдің алғашқы матчында голландиялық Робин Хаасеге жол берді. Қорытынды есеп – 6:4, 6:4. Өзара кездесуде 2:1 есебімен Гаске алда.

Екінші айналымда голландиялықтың қарсыласы боп Лукаш Кубот (Польша) – Алехандро Фалья (Колумбия) жұбының жеңімпазы атанады.