«Милан» мен Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Звонимир Бобан «Барселона» шабуылшысы Неймарды әлемнің үздік ойыншылары қатарына қоспайды. 

«Неймардың «Алтын доп» алуы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Ол анау айтқандай күшті емес. Әрине, Неймар үлкен таланттың иесі, алайда оны мен әлемнің үздік ойыншылары қатарына қоспаймын. Ол ешқашан Роналдо, Ибрагимович, Иньеста бола алмайды. Месси туралы айтпай-ақ қояйын. Оған өзі туралы шындықты біреудің айтуы керек қой», - деді хорват.