Әйелдер арасында Қазақстанның ең жас халықаралық гроссмейстері атанған шахматшы қызымыз Динара Сәдуақасова жас шахматшыларға арнап шеберлік сағатын өткізді.

 Динара өзі тәрбиеленген Хатим Омаров атындағы шахматшылар клубында 7-10 жас аралығындағы балғындармен тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ Динара жуырда ғана Иранда өткен әлем біріншілігіне қатысып, жалпы командалық есепте 3-ші орынға ие болған Қазақстан командасы жетістіктерінің сырымен де бөлісті.