Ұлттық баскетбол қауымдастығының бас жүлдесін сарапқа салып жатқан «Сан Антонио» мен «Майами» арaсындағы матчта таразы басы теңесті. Антонио»

Сырт алаңда қарсыластарынан 98:96 есебімен басым түскен «Майами» топ жарудан үмітті екендігін байқатты.

Осы ойында Леброн Джеймс мергендігімен көзге түсті. Лебронды алаң иелерінің қорғаушылары тұсай алмады. Джеймс 35 ұпай жинап, өз командасының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты.

29 жастағы баскетболшының ойын өрнегіне мамандар да жоғары баға берісті. Леброн доп үшін тарыста да шеберлік танытып, әріптестерінің ұпай алуына үш рет мүмкіндік тудырды.

Қос қарсылас арасындағы үшінші кездесу 11 маусым күні өтеді.