Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қытайда өтіп жатқан турнирде 3 рет қатарынан жеңіске жетті.

Жерлесіміз соңғы кездесуін жергілікті Чжу Циньсянмен өткізген. Негізгі уақыт аяқталмай жатып Қуат қарсыласын тұншықтырып тастады. Айта кетейік, Қуат Хамитов MMI дәрежесіндегі ережесіз жекпе-жектен бірнеше мәрте ел чемпионы атанған. Енді халықаралық турнирлерде ел намысын қорғап жүр.