Бокстан 2016-шы жылғы әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан».

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының мүшесі Берік Маржықпаев мәлім етті.

«2016 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдауға ұсыныс жібердік, жауабын күтеміз», - деді Маржықпаев.