Босния құрамасы орналасқан қонақ үйдің маңында бас бапкер Сафет Сушич пен оның көмекшілері қарақшылардың шабуылына ұшырады.

Жәбір көргендердің арасында Элвир Рахимич те бар. Жаттықтырушылар қонақ үй маңына серуендеуге шыққанда қауіпсіздік қызметіне ескертпеген. Велосипедтегі қаруланған белгісіз үш адам Сафет Сушич пен көмекшілеріне шабуыл жасаған. Бірақ жақын маңда орналасқан сақшылар көлігін көрген қарақшылар тез арада із суытып үлгерген. Сушич пен оның көмекшілері дін аман.