«Челсидің» бас бапкері Жозе Моуриньо жеті жыл бұрын Англия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін болғанын айтты.

«Англия құрамасымен жұмыс істеуге қаншалықты жақын болдым? Өте жақын. Бірақ әйелім менің бас тартуыма көндірді. Бұл дұрыс шешім болды, Матильданікі жөн. Ол менің үлкен турнирге қатысу үшін екі жыл күте алмайтынымды айтты. Менің екі жылымды Қазақстан мен Сан-Мариноға қарсы матчқа жұмсауға қақым болған жоқ.

Мені Лэмпард, Терри, Коул белсенді шақырды. Англия құрамасының тізгінін ұстауымды басқа да ағылшын командаларының футболшылары қалады. Бұл менің жұмысым болмағанына сенімдімін. Жеті жылдан кейін де болмайды. Мүмкін 15 жылдан кейін болар, бірақ жеті жылдан кейін емес», - деді Моуриньо.