«Барселонаның» вице-президенті Хавьер Фаус пен спорт директоры Андони Субисаррета Иван Ракитичтің каталондық клуб сапына ауысуы үшін Севильяға ұшып барды.

El Mundo Deportivo-ның хабарлауынша, 26 жастағы хорват үшін «Барса» 18 миллион еуро беруге дайын. «Севильяның» талабы бойынша, команданың клубтық қазынасына 20 миллионнан аз түспеу қажет. Осылайша «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Денис Суарес Еуропа лигасының жеңімпаздарына қосылады.

Иван Ракитичтің трансфері туралы ресми ақпарат кейінірек жарияланады.