«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли кубогының финалдық үшінші матчында «Нью-Йорк Рейнджерстен» тағы да басым түсті.

Өз айдынында өткізген екі матчта «патшалар» овертаймда жеңіске жетсе, «Мэдисон Сквер Гарденде» негізгі уақытта «Рейнджерсті» тас-талқан етті.

Есепті бірінші секундта айдынның ортасынан соққы бағыттап Джефф Картер ашты.

Үзілістен кейін Хенрик Лундвикст қақпасының артындағы қызыл түс екі рет жанды. Алдымен басымдықта Джейк Маззин есепті еселесе, кейін Майк Ричардс командасының үшінші шайбасын салды.

Осылайша «Кингз» серия есебін 3:0-ге жеткізді, ҰХЛ-ның басты додасында топ жару үшін бір ғана жеңіске жету қажет.

«Нью-Йорк Рейнджерс» – «Лос-Анджелес Кингз» 0:3 (0:1, 0:2, 0:0)

0:1 – Картер (Уильямс, Войнов) – 19:590:2 – Маззин (Копитар, Габорик) – 24:17, басымдықта0:3 – Ричардс (Клиффорд) – 37:14

Қақпашылар: Лундквист – Куик

Серия есебі: 0:3

Видео video.kings.nhl.com арнасынан