Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан қарағандылық «Шахтер» мен қызылордалық «Қайсар» «Динамо» стадионында жолдатсық кездесу өткізді, деп хабарлайды ПФЛ-дың ресми сайты.

«Қайсардың» бас бапкері Дмитрий Огай қатардағы жас ойыншылардың қарымын байқамақ болып негізгі құрамда шығарды. Мұны өз пайдасына асырған «кеншілер» Евгений Тарасовтың арқасында есепті ашты.

Алаңға екінші кезеңде шыққан «Қайсардың» негізгі құрам ойыншылары жағдайды түзеп таразы басын теңестірді. Гол авторы - Душан Савич. Ойынның қорытындысы бойынша қос ұжым тең түсі – 1:1.