14 маусымда Алматыда Қазақстан әйелдер құрамасы футболдан әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Венгрияны қабылдайды.

Естеріңізге салсақ, бірінші матчта отандастырымыз Венгриядан (1:4) жеңіліп қалған болатын. Осы іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы 1 ұпай жинап, соңғы орында келе жатыр. Футболшыларымыз көш басында келе жатқан Финляндия мен Франция командаларынан 8 ұпайға қалып келеді.