Моңғолия астанасында аяқталған күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақ балуандары 16 жүлде жеңіп алды ( 2 алтын, 4 күміс, 10 қола).
Грек-рим күресі
1. Иран - 75 ұпай
2. Қырғызстан - 51 ұпай
3. Қазақстан – 5 жүлде (1 күміс, 4 қола) - 50 ұпай
Күміс - Әлімхан Сыздықов (96 келі)
Қола - Дамир Зарлыханов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Темірлан Шадукаев (74 келі), Санжар Бағашар (84 келі)
Еркін күрес
1. Иран - 77 ұпай
2. Қазақстан – 6 жүлде (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) - 64 ұпай
3. Үндістан - 49 ұпай
Алтын – Елхан Асадов (84 келі)
Күміс – Азамат Тойбек (50 келі), Ақбар Елубай (120 келі)
Қола – Қуат Әміртаев (60 келі), Ілияс Жұмай (66 келі), Александр Гольцман (74 келі)
Қыздар күресі
1. Моңғолия - 67 ұпай
2. Қазақстан – 5 жүлде (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) - 63 ұпай
3. Үндістан - 60 ұпай
Алтын - Екатерина Ларионова (63 келі)
Күміс - Жәмилә Бақбергенова (72 келі)
Қола - Эльвира Әбілқайырова (44 келі), Мәдина Бақбергенова (59 келі), Ирина Борисова (48 келі)
Комментарии