Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев үшінші рет әке атанды.

Бүгін Серіктің жұбайы Мөлдір дүниеге қыз әкелді. Бұл Сәпиевтер отбасындағы үшінші қыз. Серік пен Мөлдірдің Аққу және Алуа есімді қыздары бар.

 «ПРОСПОРТ Қазақстан» ұжымымыз Серіктің шаңырағына тек қана бақыт тілейді.