Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Александр Гейнрих ел чемпионымен келісімшартты бұзды.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, 29-жастағы футболшы отандасы Ұлықбек Бақаев ойнайтын «Ертіс» футбол клубына ауысады. 

Биылғы маусымда Александр «Ақтөбе» сапында ел біріншілігінде 13 кездесу өткізіп үш гол соқты.